туф, таңертең ерте тұрғанға не жетсін 😂
стористарымнан байқағандарыңдай, досыммен күнде таңертең воркауттар жасаймыз. бүгін уақытын 11-ден 9-ға ысырып көріп едік, рахаттанып қалдым.
сағат енді түскі 1 болып жатқанда, мен барлық жұмыстарымды бітіріп, Наруто қарап оттым. сағат түскі 4-5-ке қарай, дала жап-жарықта заттарымды жинап, үйге тарттым.
үй мен жұмыс арасы 1 сағаттай. күшті подкаст тыңдадым - қазақша "келіссөздер жүргізудің секреттері" десем де болад. Apple Podcasts-та тыңдайм. инсайттарымның көп болғандығы соншалық, телефонға жазып отырам деп, автобуста жүрегім айнып кетті 😂 электронды кітабын жазып алдым. оқуға қолым қышып жүр.
тура 2 апта бір де бір күн қалдырмай кітап оқыппын. Истокқа рахмет. шынымен де, әдетке айналып кетті. бүгін Bookmate қосымшасында 1 айда 1 кітап бітіруге ресми түрде ант бердім.
пластик және оны қайта өңдеу тәсілдерімен жақынырақ таныстым. офиста да жеген тамағымның ыдысын ерінбей, өзіммен бірге үйге алып кетуді әдетке айналдырудамын. енді, қай жерге қандай нөмірлі пластик, қағаз, шыны я қаңылтырды тапсыруды айыра алам. әпкеме және kwr_kz инста парақшасына рахмет!
эко тақырыбында бөлек пост жазайын дейм да, бірақ бұл тек тәжірибемен келетін нәрсе екенін түсіндім. бірден бәрін жаттап алу мүмкін емес. миллион баклашка мен қағаздың да ішінде өңдеуге келмейтін түрлері жетерлік. өз басым, әлі күнге дейін оқудамын. дегенмен де, каналымда арнайы эко-жазбалар сериясын бастауға тура келеді-ау.
бірақ бірінші қадам жасау ешқашан кеш емес. хотя бы дүкендерден пакет алуды доғарудан бастасаңдар болад. сұрақтарың болса, ұялмай личкаға жазыңдар. көмектесем.
жалпы, ұзаққа жоғалғаныма кешірім сұрайм. кішігірім "өмірдің мәні неде" аясындағы депрессияға ұшырап кеттім. жиі боп тұратын нәрсе. үйреніңдер 😁