Қазақ Бабыл


Channel's geo and language: Russia, Russian
Category: not specified


ғылыми-танымдық мазмұн
instagram.com/qazaqbubble

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Russia, Russian
Category
not specified
Statistics
Posts filter


мынау бүгінгі жазбадағы бір сөз туралы мем еді 🙂


бүгінгі жазбаның файлдары не деп аталғанын айтпай-ақ қояйық 😌


қыргүйек бітті 🍁


кеше JUMBAQ қолданбасында баг орын алды, сол себепті ТөртеуТүгел ойынында әуелі ескі жұмбақ берілді. бірақ сұрақтар негізі алдағы бір жылға толтырылып тұр. жөндедік 🛠️

сондай-ақ бір адамнан Сөзкөпірде де 1-2 рет баг болғанын естідік. тексереміз 🔬

багтарды байқаған болсаңыз, бізге хабарлап отырыңыздаршы 🙏🥹


әскери-оқу жаттығу барысында қаза тапқан сарбаздардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.


бұл қай тілдер?! 🤨

бүгінгі су жаңа видеомызды көргенде түсінесіз 😌💖

918 0 0 10 12

мәңгі тас арнасының админі be like ☝️

сурет мына парақшадан алынды


қашан туғансыз? 🫵

жазбамызда айтылған кітаптың толық нұсқасы төменде ❤️


Forward from: The Eternal Stone 𐰋𐰭𐰏𐰈 ⁚ 𐱃𐱁
I created a Telegram bot based on the Irıq Bitig, the ninth-century Old Turkic Book of Omens.

Cast three dice and receive a randomly selected omen!

Try it out here: @irq_bitig_bot


Бүгінгі көпір ☠


айтпақшы, бүгінгі рилзді дайындағанда, мына картаға жүгіндік 😍 пікірлерге сапалы нұсқасын тіркедік 🖇️

арғын досыңа жібер 🫵


Forward from: Moñge Daş
📖 The Old Turkic Dictionary

A bot for searching words from the Old Turkic Dictionary (DTS): almost 18,000 entries with glosses, examples from ancient texts and source references.

What it can do:
• Search Old Turkic words without special characters: tengri finds täŋri, ajguchi finds ajγučï
• Search by Russian meaning: just type «вода» (water) or «лошадь» (horse)
• Show senses, examples and homonyms, with one-tap links to related entries

The entries were extracted from a PDF automatically, so some errors are possible. If you spot one, let me know and I'll fix it.

👉 @old_turk_dict_bot


мына жерден көрдік ☺️


Шымкент жақта айтылатын қызық сөздің бірі — ғырт «таза, нағыз, барып тұрған».

біздің сөздіктерде еш тіркелмеген, бірақ әдеби өзбек тілінде бар сөз:

ғирт аҳмоқ — барып тұрған ақымақ
ғирт ёлғон — қып-қызыл өтірік
ғирт маст — қып-қызыл мас, удай мас

сол сөз қырымтатарда да бар екен: ғырт шөллү, яки «таза шөлдік, нағыз шөлдің қырымтатары» (қырымтатардың құрамында шөлдік дегендер бар). қазаққа да, қырымтатарға да өзбектен келген сөз болуы мүмкін.

шымкенттік досыңыздан сұраңыз, бұл сөзді біле ме екен?


өзіміз құрастырып, өзіміз бірінші орында жүрміз 🤭

JUMBAQ қолданбасын жаңартыңыз — енді күнделікті рейтиңге ілігу мүмкіндігіңіз бар 😍


армян-қыпшақ тілінде қыңыр қол сөзі «сол қолды» білдірген.

армян-қыпшақ тілі деген не өзі? бүгінгі видеода түсіндірдік 🤓


айтпақшы, қырғыздың [ж]-мен сөйлеуі қазақтың ықпалы болуы мүмкін.

Радловтың түркі тілдерінен жинаған материалдарында қазақ [ж]-мен сөйлесе, қырғыз [й]-мен сөйлейді.

жалпы алғанда йол мен йал дегендердің [ж]-ланып жол мен жалға ауысуы батыстан келген үрдіске ұқсайды.

неге? өйткені аффриката болып табылмайтын, яки [д]-сіз жүретін нұсқасы дәл батыста тараған: батыстың қазағы ешқашан [джол], [джаман] демейді. ал қалған өлкелерде [дж] әртүрлі деңгейде қолданылады. ал [й]-ден [ж]-ға апарар жол өте көп жағдайда [дж] арқылы жүреді: роман тілдерінде iugum, iuvenis сөздері әуелі [джуг-, джувен-] боп ауысқан, кейін [жуг-, жувен-] боп өзгерген. итальяндағы giogo, giovane мен француздағы joug, jeune — [й]-дің [ж]-ға айналуының әртүрлі кезеңдері десе болады.

сәйкесінше, ұлы жүз қазақтары [й]-ден [ж]-ға (дәлірек айтқанда [дж]-ға) ең кеш көшкен болуы мүмкін.

одан бөлек, 1774 жылы Ертіс маңында жүрген Скалон шығарған орыс-қазақ сөздігінде таза [й]-мен сөйлейтін тіл көрсетілген, яғни ол уақытта [ж]-мен сөйлеу орта жүзге де жетпеген болуы мүмкін.


күшті тақырып таңдадық — қырғыз тілі 🥰🇰🇬


өзіміз сене алмай отырмыз… бүгін ұзаааааааақ үзілістен кейін рилз шығармақшымыз 🥹🏹

қолдауларыңызды күтеміз ❤️


Сөзкөпір шықты. Жарнамасы қалай, әдемі ме?

20 last posts shown.