Қорықшының айтуынша, көліктің ішінде оның көз алдында елікті атып өлтірген адамдар – қызметтегі полиция майоры, орман шаруашылығының директоры және әкімнің жүргізушісі болған. Алайда қылмыс үстінде ұсталғанына қарамастан, оларды үйлеріне жібере салған. Оның үстіне, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, заңсыз аңшылық фактісі мойындалғанына қарамастан, СҚО полиция департаменті сол пикапта мылтық ұстап отырған полицейдің «еңбек демалысында болғанын» және оның жануарларды заңсыз аулауға қатысы «қазіргі кезеңде анықталмағанын» ресми түрде мәлімдеді.
Демек, погонын шешіп, табельдік қаруын тапсырса болды, майор емес, браконьерлердің арасында кездейсоқ жүрген қарапайым аңшы болып шыға келеді екен. Бәлкім, ол жай ғана жанында тұрған шығар, сыра ішіп, мылтыққа фонарьды тек инженерлік іске деген сүйіспеншілігінен тағып жүрген шығар. Анық-қанығын қызметтік тексеру анықтайды.
Ал қорықшы тергеудің алғашқы әрекеттерін күтпестен бұл оқиғаны неге БАҚ арқылы жария етуді жөн көргенін
Ulysmedia.kz тілшісі анықтауға тарысты.
Толығырақ осы сілтемеде.
https://t.me/ulysmedia