Орталық Азияны түсінгіңіз келсе, «Құмбелді» көріңіз 🏜️Франк Херберттің Dune кітаптар сериясына жалпы исламнан бөлек сопылық та ықпал еткен.
ал Орталық Азия — ислам мистицизмінің тарихи орталықтарының бірі. тарихта тариқаттар (сопылық бағыттар, бауырластықтар) тек рухани өмірге емес, сауда мен саясатқа да ықпал еткен.
Орталық Азиядағы ең ықпалды болған сопылық дәстүрлердің бірнешеуі:
🌀
Нақшбандия — тарихта үлкен рөл ойнаған Бұхарада Бахауддин Нақшбанд негізін қалаған тариқат. мысалы, әйгілі ақын Әлішер Науаи немесе Осман империясының сұлтандары осы тариқатқа жатқан. Бұхара тарихына қызықсаңыз, онда бүгіндері саяхаттау да бұрынғыдан
жеңілдей түскен.
одан бөлек Самарқанда дәл сол тариқатқа көп ықпал еткен Қожа Ахрар сияқты тұлғалардың құрметіне салынған бүтіндей бір кешен бар. Самарқанға сапар шеккеннің
қыр-сырларын біліп алыңыз.
🌿
Ясауия — бүгінгі қазақ жерінен шыққан Қожа Ахмет Ясауи негізін қалаған дәстүр. дінді көшпелі түркілер арасында таратуда түркі тіліндегі поэзия мен жергілікті дәстүрлерді кеңінен пайдаланған бұл тариқат Сүлеймен Бақырған немесе Зеңгі баба сияқты тұлғалардың өмір жолымен тығыз байланысты.
әрине, маңызын күллі Орталық Азия мойындаған Түркістанға бармаған болсаңыз, ұят болады 😁 ал онда барғанда не нәрселерді ескеру керегі
мына мақалада жазылған.
✨
Күбрауия — Хорезмде Нәжмеддин Күбра қалыптастырған тариқат.
қысқасы, «Құмбелдегі» Арракис, шөл мәдениеті, мистика мен саяси-діни қозғалыстар сізге таныс болып көрінсе, ол бекер емес. Херберт шығармашылығына біздің өлкелердің тарихында зор рөл ойнаған сопылық та әсер еткен.